Әлеумет 22-ші қабаттан құлаған оқушы ғаламаттың күшімен аман қалды Редактор 30.01.2022 13500 1 оқу мин Мәскеудегі Бирюлево Восточное ауданындағы көпқабатты үйдің 22 қабатының балконынан құлаған сегізінші сынып оқушысы тірі қалды. Қазіргі таңда ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қыздың қалай құлағанын анықтауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Төтенше жағдай 29 қаңтарда Мәскеудегі Загорьевская көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы балконнан балконға көтерілуге тырысқан. Осы кезде қыздың қолынан құрбысы ұстап, сақтандырып тұрған. Бірақ қиын сәтте қызды құтқарып қалуға оның күші жетпеген. Алайда биіктікке қарамастан, жасөспірім қыз ғаламаттың күшімен ауыр жарақаттардан аман қалған, қазір ол Филатов ауруханасында дәрігерлердің бақылауында екен. Полицейлер мектеп оқушысын қауіпті әрекетке баруға не мәжбүр еткенін анықтап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, қыз психиатрдың есебінде тұрған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9861