Әлеумет Хакер Түркістан облысының 40 мұғалімінің 17 млн. теңгесін тонап кеткен Редактор 07.02.2022 10753 1 оқу мин Қулық сұмдықты еркін меңгерген хакер өзінің жеке шотына 17 миллион теңгеден астам ақша аударған, деп хабарлайды Отырар. Шардара ІІД-на Шардара қаласындағы бірнеше мектептің шоттарынан, яғни мұғалімдердің жалақысынан бөтеннің есепшотына ірі көлемдегі ақшаның заңсыз аударылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полиция істі тергеуге кірісті. 24 сағат ішінде олар күдікті аккаунт пен оның иесінің жеке басын анықтады. Анықталғандай, күдікті Алматы қаласында болған, оны Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған. Белгілі болғандай, күдікті бұрын қаржы саласында жұмыс істеген. Өткен жылдың қыркүйек айында ол жұмысын тастап, Алматыға кеткен. Біраз уақыттан кейін жұмыссыз қалған ол «оңай жолмен» ақша табуға бел буады. Жеке деректерін пайдаланып, алаяқ өз есепшотына 40-тан астам мұғалімнің жалақысын аударған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асты. Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5103