Әлеумет Енді директор қабылдамайды: Білім министрі мұғалімдерге қатысты маңызды жаңалықпен бөлісті Редактор 07.02.2022 9520 1 оқу мин Биыл мұғалімдерді жұмысқа алу конкурсы электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Былтыр педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары әзірленіп, қабылданды. Қысқаша айтқанда, бұдан былай директорлардың өз қалауы бойынша мұғалімдерді өзі жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Енді нақты критерийлер белгіленіп, мұғалімдер жұмысқа қызметінің нәтижесі мен жетістіктері негізінде конкурс арқылы орналасады. Биыл бұл рәсім цифрлық форматқа көшіріледі», – деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында. Осы орайда министр есеп беруді азайту және мұғалімдерді артық жұмысқа тарту мәселесі қатаң қадағаланатынын ескертті. “2021 жылы жаңа заңның нормаларын бұзғаны үшін (артық есептерді талап ету, қызметтік міндетіне жатпайтын жұмысқа тарту және т.б.) білім беру ұйымдарының жүздеген басшысын және өзге де лауазымды тұлғаларды жазалауға тура келді. Бұл жұмыс жалғасатын болады», – деді Аймағамбетов. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Минск қаласында Абай Құнанбайұлына арналған көрме ашылды 1 оқу мин Әлеумет Минск қаласында Абай Құнанбайұлына арналған көрме ашылды 27.08.2025 5085 Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Woosong» университетіне бөлінген грант иегерлері анықталды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Woosong» университетіне бөлінген грант иегерлері анықталды 27.08.2025 5431 2 млн. теңге төленбеген айыппұлы бар “Opel Vectra” маркалы автокөлігі анықталды 1 оқу мин Әлеумет 2 млн. теңге төленбеген айыппұлы бар “Opel Vectra” маркалы автокөлігі анықталды 23.08.2025 9242