Шымкент қаласында жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен және түрлі спорттық секциялармен қамту мақсатында дене шынықтыру және спорт басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, білім басқармасы тарапынан қаржыландыру жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды SAQ.kz ақпарат агенттігі. Шымкент қаласындағы бір қатар мектептер өздерінің спорт залдарын жалға беру үшін конкурстар жариялайтын болады. Атап айтқанда: 2022 жылдың 15 ақпанында №№ 22,63 мектептер; 2022 жылдың 16 ақпанынында №№71,98,84,85,98,117,127, 120,127 мектептер; 2022 жылдың 17 ақпанында №134 мектеп; 2022 жылдың 18 ақпанынында №57,61,64,66,102 мектептер; 2022 жылдың 20 ақпанынында №100 мектеп; 2022 жылдың 21 ақпанынында №36,62,74,91,97,119,129,138 мектептер; 2022 жылдың 23 ақпанынында №73,118 мектептер; 2022 жылдың 25 ақпанынында №2 мектеп; 2022 жылдың 1 наурызында №4,32,43,51,110,139 мектептер; 2022 жылдың 1 сәуірінде №49 мектеп конкурс жариялайды. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрілігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы №65 бұйрығымен бекітіліген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру» қағидалары негізінде жүргізіледі.