Әлеумет Түркістан: Сарыағаштық шаруалар жылына 600 мың дана гүл өсіреді Редактор 14.02.2022 20860 1 оқу мин Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 80-ге жуық отбасы гүл өсiрумен айналысады. Дербісек ауылының тұрғындары қазіргі таңда үйіргелік жердегі жылыжайда гүлдің бірнеше түрін өсіруде. Былтыр шаруалар 600 мыңға жуық гүл өсірген, деп хабарлайды SAQ.kz. Ауыл тұрғыны Махат Әуешов гүл өсіру ісімен 20 жылдан бері айналысып келеді. Кәсіпкер 20 соттық жылыжай аумағында раушан, альстромерия, хризантема сынды сұрыпты гүлдерді өсіруде. «Гүл көшеттерін өсірудің өзіндік қиындықтары бар. Егілген гүлді әр 10-15 күн сайын суарып тұру керек. Жылыжайдағы қалыпты температура 10-15 градус жылылықта болуы шарт. Ал наурыз айының басынан бастап сабағынан қырқылған гүлдер сатылымға шығарыла бастайды. Мереке сайын көршілер мен ағайын-туысқа өз ауламызда өскен гүлдерді сыйға тартамыз. Бұл кез келген жанның көңіліне ерекше қуаныш сыйлайтыны анық», — дейді ол. Кәсіпкердің гүлдеріне деген сұраныс жоғары. Әсіресе Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан арнайы тапсырыс берушілердің қатары қалың. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6819 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480