Әлеумет «Адамның сүйектері екі сөмкеге салынған»: Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды Редактор 15.02.2022 26019 1 оқу мин Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды. Қылмысқа қатысы болуы мүмкін екі адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы прокурор Мария Ирен Альварес мәлімдеген. «Ішіне адам сүйектерінің қалдықтары салынған екі сөмке табылды. Бұл Қазақстан азаматының дене бөлшектері екені белгілі болды», – деді прокурор Парагвайдың «Монументаль» радиосына берген сұхбатында. Өлер алдында жәбірленушіні қатты соққыға жыққан. Бір соққыдан оның жақ сүйегі сынған, деп қосты прокурор. Қазіргі таңда патологоанатомдар адам денесінің өлгенге дейін немесе өлтірілгеннен кейін бөлшектелгенін анықтауда. «Бірақ адам аса қатыгездікпен өлтірілген, өлімнің өте ауыр әрі қиын болғаны туралы нақты айтуға болады», – деді прокурор. Полиция Боливияның екі азаматын ұстады. Белгілі болғандай, олар марқұм тұрған үйдің бөлмелерін жалға алған. Прокуратураның хабарлауынша, боливиялықтар Парагвайға жәбірленушінің қарызын өтеуге келген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961