Әлеумет Инвестициялық штабта 7 жоба қаралды Редактор 18.02.2022 9410 1 оқу мин Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға жауапты сала жетекшілерi мен кәсіпкерлер және инвесторлар қатысты. Жиында шетелдік және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылатын 7 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды. ▪️Олардың бірі — жүкті әйелдерді тәулік бойы бақылайтын телемедицина орталығы. Инвестициялық жоба туралы польшалық инвестор Евгениуш Форманюк таныстырып өтті. Жобаның инвестициялық құны 1,44 млрд. теңгені құрайды. ▪️Онлайн арқылы байланысқа шыққан ивестордың бірі пакистандық кәсіпкер Шоаиб Басра. Ол құны 2 млн АҚШ доллары болатын мұздатқыш камералар мен қойма кешені жобасын таныстырды. ▪️Штабта бұдан бөлек, полимерлі құбырлар өндірісі, құлпынай мен көкөністерді жыл бойы өсіру бойынша жылыжай кешенінің құрылысы, емхана құрылысы, «Шымкент сити» аумағында сауда-ойын-сауық кешені сынды 5 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды. Барлық жобалардың жүзеге асырылу барысы мен мәселелері талқыланған жиында шаһар басшысы әкімдік тарапынан әрбір жобаның жүзеге асырылуы бойынша тиісті қолдау көрсетілуін және құжаттарының рәсімделуі бойынша сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 47965 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Әлеумет Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 08.10.2025 45943 Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 08.10.2025 46112