ҚР Білім және ғылым министрінің 559 бұйрығына сәкес, комиссия құрамына білім басқармасының, әдістемелік кабинеттің, басқарма бөлімдердің мамандары, білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат өкілдері енді. Шымкент қаласы бойынша 113 бірінші басшы, олар 49 мектепке дейінгі мекеме басшылары, 64 мектеп директоры ротациялауға жатады, деп хабарлайды Saq.kz. Ротациялауға бірінші басшының бір білім беру ұйымындағы лауазымында болуға рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс. Бүгінгі комиссия отырысында 46 бірінші басшыларды, олар мектепке дейінгі мекеме басшылары (40) және мектеп директоры (6) ротациялау жүргізілу туралы шешім қабылданды. Аталған бұйрықтың талаптары негізінде 67 бірінші басшыны ротациялауды ағымдағы жылдың II-III тоқсандарға қалдырылды Бірінші басшыны ротациялау қызмет тиімділігінің көрсеткіштері арқылы жүзеге асты. Олар: Басқарып отырған білім беру ұйымындағы оқушылардың саны; Біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі; Өткен жылмен салыстырғанда қосымша білім берумен қамтылған оқушылар мен тәрбиеленушілердің ұлғаюы туралы мәліметтер; Білім сапасының динамикасы, «Алтын белгі» белгісін алған бітірушілер Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитын түлектердің үлесі (мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары үшiн — бюджеттiк негiзде оқуға қабылданған); Қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздары (жүлдегерлері) атанған оқушылардың/тәрбиешілер; Бірінші басшының менеджмент саласында біліктілікті арттыру курсынан өткен сертификатының болуы; оқу-әдістемелік кеңес бекіткен бірінші басшының басшылығымен әзірленген бағдарламалардың, оқу-әдістемелік кешендердің, әдістемелік ұсынымдардың/әдістемелік құралдардың болуы; Бірінші басшының инновациялық және эксперименттік қызметті қолдануы, білім беру сапасын арттыруға әсер ететін әлеуметтік/білім беру жобаларына қатысуы; Білім беру ұйымындағы педагогтердің жалпы санын алғанда жоғары кәсіптік білімі бар педагогтердің үлесі; Ғылыми/академиялық дәрежелері бар педагогтердің үлесі; Білім беру ұйымындағы педагогтердің жалпы санын алғанда «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтердің үлесі; Кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздар педагогтердің саны. Комиссия мүшелері көрсетілген тізімдегі басшылардың қызмет тиімділігінің көрсеткіштері негізінде шешім қабылдады.