Әлеумет Жазушы Жан Ақжанов «Вакцинация» кітабын таныстырды Редактор 12.03.2022 19752 1 оқу мин Коронавирус індеті жайлап, өлім-жітім саны күрт көбейген мезетте адамдар бұдан қалай құтылудың жолын іздестіре бастады. Ғалымдар дерттің дауасын қарастырып, тәжівирусты жеңуге тырысты. Дәрігерлер күн түн демей адамдарды ажалдан арашалап қалу үшін жанталаса қызмет көрсетті. Ақыры қауіпті індетке қарсы тұрудың бір амалы вакцинация екендігі нақтыланды. Ал қазақстандық жазушы карантин өршіген тұста «Вакцинация» атты кітап жазуды қолға алыпты. Публицисттің сөзінше, екпе туралы айтпас бұрын вирустың не екенін біліп алу керек. Жазушы көпшілікке пайдасы көп кітапты жазуды 2020 жылы бастапты. Ақыры 8 ай дегенде кітап жұртшылықтың қолына тиген. Халықты ақпараттандыруды көздеген жазушының сөзінше қазіргі таңда вакцина жайлы ақпарат жеткіліксіз. Сондықтан бұл оқулықтың жұртқа берері көп. Жалпы, Қазақстанда алғаш жазылған вакцина туралы кітаптың таралымы 1000 дана. Осыған орай, №1 қалалық емханада қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжановтың қатысуымен емхана қызметкерлері және вакцинациядан бас тартқан тұрғындар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жиында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның маңызы мен қауіпсіздігі туралы айтылды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6819 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480