Әлеумет Шетелдік көліктердің кей түрін кеден салығынсыз әкелуге болады? Редактор 28.03.2022 12459 1 оқу мин Қазақстан азаматтарына 2024 жылға дейін сырттан 25 мың электромобиль әкелуге рұқсат беріліп отыр. Олар бұл көліктер үшін кеден салығын төлемейді. Мұндай шешімді Еуразия экономикалық кеңесі қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К. Электромобильдерді баж салығынсыз кіргізуге квота Еуразиялық одақтың барлық елдеріне берілген. Бұл тізімде тек Ресей жоқ. Қазақстанға қарастырылған квота — 2022 жылы 10 мың көлік, 2023 жылы 15 мың көлік. Беларусь үшін де дәл сондай. Арменияға 7 және 8 мың, Қырғызстан бірінші жылы 5, сосын 10 мың көлік кіргізе алады. Ресейде жеңілдік енгізу мәселесі қарастырылмаған. Себебі көршіміз өз өндірісін дамытуды дұрыс көріпті. Сондықтан да Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Армения азаматтары 3 жыл ішінде ресейліктерге электромобиль сата алмайды. Квотаның арқасында қазақстандықтарға сырттан электромобиль әкелу тиімді болмақ. Мұндай машиналар үшін біздің елдегі утилалым да арзан: бар болғаны 50 АЕК құрайды. Алайда бұл ретте мемлекет пайдасына төленетін бір төлемнің бар екенін ұмытпау керек. Ол — алғашқы тіркеу үшін алынатын салық. Зауыттан шыққанына екі жылдан аспаған электромобильдер үшін төлем 0,25 АЕК болады. Ал 2-3 жыл жүрген көліктерге 25 АЕК төленуі тиіс. Ал үш жылдан асса төлем бірден 250 АЕК-ке бір-ақ барады. Ол қазір 767 750 теңге болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911