Әлеумет «Жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатыр»: Зейнет жасына жақындаған мұғалім көмек сұрады Редактор 14.04.2022 7709 1 оқу мин Мұғалімнің айтуынша, директор оны өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатыр Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылындағы №22 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Есенғали Бижанов директоры оны өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik. Педагог әлеуметтік желіде шағымданып, зейнетке шыққанға дейін жұмыс істей тұруға көмектесуді сұрады. «Мен орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Есенғали Нұрғалиұлы Бижановпын. Жасым 59-да. Зейнетке шығуға 5 жыл қалды. Бес жыл ішінде мен Талғар ауданының жеті мектебінде жұмыс істедім. Мектеп директорлары өз еркімен қызметтен кетуге өтініш жазуға мәжбүрлейді. Олар қоқан-лоққы көрсетеді, бопсалайды. Қазақстанда «күміс жас» деген ұғым бар. Бес жыл тыныш жұмыс істеуге көмектесіңіздерші», — деп жазды мұғалім әлеуметтік желіде. Sputnik Қазақстан редакциясы Алматы облысының білім басқармасына жүгінді. Ведомство Есенғали Бижановтың шынымен де Қарабұлақ ауылының №22 мектебінде сабақ беретінін растады және ол биылғы оқу жылының соңына дейін істейтінін атап өтті. Білім басқармасы мұғалімнің мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, педагог №22 мектепте 2021 жылғы 1 қарашадан бастап істейді. Сол кезде ер адаммен 3 айдан 6 айға дейін сынақ мерзімі кіретін еңбек келісімшарты бекітілген. «Бижанов өз үндеуінде қате ақпарат көрсеткен. Өйткені оны ешкім қызметтен кетуге өтініш жаз деп мәжбүрлеген жоқ. Жұмыс кезінде Бижановқа еңбек тәртібін бұзып, педагог этикасын сақтамағаны үшін бірнеше рет ауызша ескерту жасалды», — деп жауап берді облыстың білім басқармасы. Осыған байланысты Бижановқа еңбек келісімшарты бұзылатынын ауызша ескерткен, ал жазбаша хабарламаны оқу жылының соңында беруді уәде еткен. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қостанай облысында отқа төзімді 7 мың тоннадан астам саз балшық заңсыз өндіріліп, сатылған 1 оқу мин Әлеумет Қостанай облысында отқа төзімді 7 мың тоннадан астам саз балшық заңсыз өндіріліп, сатылған 03.09.2025 4718 100 мыңға жуық оқушы жаңадан бой көтерген Келешек мектептеріне қабылданды 1 оқу мин Әлеумет 100 мыңға жуық оқушы жаңадан бой көтерген Келешек мектептеріне қабылданды 03.09.2025 5573 Психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындауға оқталу бабы бойынша үкім жарияланды 1 оқу мин Әлеумет Психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындауға оқталу бабы бойынша үкім жарияланды 31.08.2025 8881