Әлеумет «Өзін-өзі тану» пәнінің болашағы қандай болмақ? Редактор 19.04.2022 5135 1 оқу мин Бұған дейін ҚР БҒМ келесі оқу жылынан бастап бұл пән міндетті пәннен факультативтік пәнге ауыстырылатынын хабарлаған болатын. Яғни сабақ бұрынғыдай 1-ден 11-сыныпқа дейін емес, оқушылардың таңдауы бойынша және тек бір сыныпта өткізіледі. Еске сала кетейік, 2000 жылдан бастап білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәні кезең-кезеңімен енгізіле бастады. Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі барлық деңгей бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қайта қарау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың мазмұны заманауи тенденцияларды ескеру және мектеп оқушыларының оқу жүктемесін азайту мақсатында қайта қаралады. Осыған байланысты министрлікке «Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын және педагогикалық жүктемесі үшін алаңдап жүрген мұғалімдерден сұрақтар келіп түсіп жатыр. Айта кетейік, педагогтер өздерінің негізгі біліктіліктері, дәлірек айтқанда, әлеуметтік педагог ретінде жұмысын жалғастыра алады. Бұл ретте «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша оқитын және басқа бағыттарға ауысқысы келетін студенттерге каникул кезінде басқа білім беру бағдарламаларына ауысу үшін жағдайлар жасалады. Бұл қазірдің өзінде нормативтік құжаттарда қарастырылған. Университеттер студенттердің кредиттерін аудару және қайта есептеу бойынша тиісті жұмысты реттейді. Айта кету керек, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» бағдарламасының түлектері тиісті негізгі бағыт бойынша жұмыс істей алады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 25.11.2024 5770 Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 35777 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 33865