2022 жылғы 20 сәуірде Мемлекет басшысының «Зейнетақыларды, жәрдемақыларды арттыру және мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы қолдау бағдарламасы» аясындағы тапсырмасын орындау мақсатында әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Б.А.Өнербаев баспасөз мәслихатын өткізді. Брифинг барысында басшы департаменттің 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы толық түсіндірме берді. Соның ішінде арнайы жәрдемақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша түсіндіру жұмыстарына тоқталды. Халықты әлеуметтік қорғау саласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру, пилоттық жобаны іске асыру, мемлекеттік қызметтерді проактивті хат-хабар көрсету, мүгедек балалар топтарына бөлу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар. «Осы жылдың 3 айында МӘС қызметін 3800 азамат алды. Оның ішінде алғашқы рет куәландырылғаны -785 адам. Оның 751-не мүгедектік тағайындалды (68-і брінші топ, 297-сі екінші топ, 203-і үшінші топ). Ал 7 жасқа дейінгі 183 бала мүгедек санатымен танылды. Сонымен қатар мүгедек деп танылған 498 ересектің 440-ы еңбекке жарамды жаста болса, 58-і зейнеткерлік жастағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, — деді Бахтияр Әлтайұлы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2021 жылғы 12 қазандағы 7 жастан бастап көрсетілді. Тікелей эфирде өткен брифингте басшы қала тұрғындарының көптеген сұрақтарына жауап берді.