Қазақстан Республикасының Президиенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы бойынша 2022 жыл «Балалар жылы» болып жариялануына орай, сәуір айының медиажоспарына сәйкес және Иммундау апталығының жоспарын орындау мақсатында Шымкент қалалық №1 емханада екпе алудан бас тартқан ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Емхананың бас дәрігері М. А. Бейсеуов ашып, кездесуге келген Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының Абдулхамит Қаттани мешітінің найб имамы, Жергілікті насихат тобының мүшесі А.Сатыбалдиевті , Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Н.Тойшиевті және Әл Фараби ауданы санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының орынбасары Ч.Мукашевті таныстырып өтті. Жиналудың себебі жоспарлы екпе салудан бас тартушылармен екпе салудың маңыздылығына тоқталып , түсіндіру жұмыстарын осы СЭББ, діни басқармасынан келіп отырған, екпе жұмысын жүргізетін дәрігерлермен медбикелерге қойылатын сұрақ -жауап ретінде жүргізілетіндігіне тоқталып өтті. Әл Фараби ауданы санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының орынбасары Шыңғыс Мұқашев Мукашев жұқпалы аурулардың алдын алудың бірден- бір жолы – вакцинация салу екеніне, вакцина салудың арқасында көптеген жұқпалы аурулурдың төмендегенін және жойылғанына тоқталып өтті. Бас дәрігердің орынбасары Д.Т. Казахбаева жұқпалы аурулардың вакцинамен игерілетін ауру екендігіне тоқталып, ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша екпе жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес жоспарлы екпелер жүргізілетінін айтты. Жұқпалы аурулардың мүгедектікке, өлімдік жағдайға және де көп ауқымды қамтып, аурулардың өршуіне алып келетіндігіне тоқталып өтті. Вакцина салудың арқасында көптеген жұқпалы аурулардың дифтерия , көкжөтел, сіреспе, полиомиелит ауруларының жойылғанын айтты. Вакцина салар алдын міндетті түрде дәрігер баланың температурасын өлшеп, тамағын, қарап, дені сау балаға және ата анасының ерікті келісімімен баланың денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап бергеннен кейін екпе салынады. Эпидемиолог — дәрігер С. Әшірбекова Халыққа профилактикалық екпені жүргізуге қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ҰЭМ-нің 2018ж 13. 06. №361 бұйрығы негізінде жүргізілетінін айтты. Осы вакцинация жасаудың арқасында көптеген аурулардың азайып, мүлдем тіркелмей жатқаны туралы,мысалы. вирустық гепатит А ға қарсы вакцина салғалы бері аурырған науқастар жоқ екендігін, ал вакцина алмағандар арасында бірен-сараң кездесетініне тоқталды. Қызылшаға қарсы вакцина 1 жаста және 6 жаста салынады. Бірақ осы вакцинаны алудан бас тартушылардың көбеюіне байланысты аурушаңдық кездеседі. Мысалы: қызылшаға қарсы вакцина алған аналардың иммунитеті жаңа туған балаларына беріліп, оларды 1 жасқа дейін қорғайды. З. Байдыбекова, иммунолог дәрігер, «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ҰЭМ-нің 2015ж 17 наурыздағы №215 бұйрығын тоқталып өтті. Найб-имам А. Сатыбалдиев екпе салудың шариғат жолына қайшы келмейтінін, екпе бойынша сұрақтар туындағанда дәрігер мамандарына жүгіну керектігін айтып өтті. Жиын соңы сұрақ-жауапқа жалғасты.