Әлеумет «Алтын белгіге» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады – Білім министрі Редактор 17.05.2022 17327 1 оқу мин Ұлттық бірыңғай тестілеуде нашар нәтиже көрсеткен «Алтын белгіге» үміткер оқушы білім алған мектеп басшылығы жұмыстан шығарылуы да мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Биыл Алтын белгіге» үміткер оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру нәтижесіне талдау жасалады. Бұл іске ұлттық тестілеу орталығы жауапты. Егер «Алтын белгіге» үмітті талапкер ҰБТ-дан төмен балл алып, шекті балды жинай алмаса, онда мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз. «Алтын белгіге» үміткерлердің ҰБТ-ны тиісті деңгейде тапсыру мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда, — деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен аппарат жиынында. Осы орайда министр білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына аталған мәселені назарға алуды ескертті. «Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Осы мәселе бойынша мектептің басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Қажет жағдайда жұмыстан шығару әрекетіне дейін барамыз. Соған дайын болыңыздар», — дейді ол. Сондай-ақ, ведомство басшысы ҰБТ кезінде талапкерлерге тиісті жағдайдың жасалу керектігін еске салды. Айта кетсек, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ерекше қажеттілігі бар мектеп түлектеріне қосымша 40 минут уақыт беріледі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961