Әлеумет Түркістан облысында 500 мұғалім санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді Редактор 18.05.2022 13992 1 оқу мин Түркістан облысында 500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді. Қазір сертификаттарды құзырлы органдар тексеру үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түркістан облысында ұстаздардың санатын көтеруге арналған сертификаттардың сатылатындығы жайында әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын. Аталған фактінің орын алғанын облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы растады. «Өкінішке қарай, сондай фактілер анықталды. Біз барынша ашықтық саясатын ұстанып отырыз. Әлеуметтік желіде болып жатқан мәселелерді жіті қадағалаймыз. Ресми түрде құзыретті органдарға тергеу амалдарын жүргізу үшін сол сертификаттардың барлығын жолдадық. Қазіргі таңда біз құзырлы органдар анық-қанығын айтып береді деп үміттеніп отырмыз. Ондай адамдардың жалған диплом, жалған сертификаттармен білім ошақтарында жұмыс істеуіне моралдық құқығы жоқ деп есептеймін», — деді Дінислам Болатханұлы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6819 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480