Әлеумет Кәсіподақ пен спорт Редактор 25.05.2022 10242 1 оқу мин Спорттық іс шара «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы және «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өтті. Жарыс алаңына шыққан Түркістан облыстық медицина ұйымының мамандары өзара команда құрып, мықтыларын анықтады. Түркістан облысының медицина қызметкерлері жоғары кәсіби қасиеттерге ие болып қана қоймай, белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатынын тағы бір дәлелдеді. Салауатты өмір салтын насихаттайтын мұндай шара облыстық кәсіподақта жылда тұрақты түрде өткізіледі. Бұл іс-шараға қолдау көрсеткен «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етті. Жалпы футбол жарысына емдеу мекемесінің қызметкерлерінен құралған 13 команда қатысты. Жүлделі бірінші орынды Сарыағаш аудандық ауруханасы алды. Екінші орынды Мақтарал аудандық Атакент ауруханасы, үшінші орын Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына бұйырды. Бұндай үлкен көлемдегі спорттық шараға кәсіподақ мүшелері алғыс айтып , үлкен ынтамен қатысты. Спортттық шараның негізгі мақсаты- қоғамға АИТВ-ның берілу жолдары, инфекциядан қорғану әдістері және ауруды уақтылы диагностикалау, жұқтыру қаупі туралы хабардар ету болып табылады. Алаңда спорттық рух орнап, іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8512 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5917