Әлеумет Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті Редактор 27.05.2022 31647 1 оқу мин Қоғамда әскери қызметтің беделін арттыруды ақпараттық қолдау және түсіндіру жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізілуде. Түркістан облысында осы бағытта атқарылып жатқан ауқымды шаралар көп. Соның айқын белгісіндей жуырда Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы аясында «Айбын-2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жастар жиынына іріктеу жарысы өтті. Аталмыш шара Түркістан облысының Сайрам ауданында ұйымдастырылды. Оған аймақтың 10-11 сынып оқушылары қатысты. Сайысқа Түркістан облысының 13 ауданынан және Түркістан, Кентау мен Арыс қалаларынан келген жалпы саны 305 оқушы қатысты. Жиын ережесіне сәйкес, әр облыстан 15 оқушы, яғни, 10 ер, 5 қыз бала анықталып, облыс намысын қорғайтын болады. Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де әділқазылар алдында сынға салды. Аталған іс-шара алдыммыздағы жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өтетін «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына жас сарбаздарды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны – бұл бірегей әскери-патриоттық іс-шара. Мақсаты – елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру. Жарыс нәтижесі бойынша облыстан үздік шыққан Арыстық команда Республикалық жарысқа жолдама алды. Сондай—ақ арнайы медальдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961