Әлеумет Танысының қымбат тонын ұрлаған күдікті құрықталды Редактор 29.05.2022 12606 1 оқу мин Танысының қымбат тонын ұрлаған күдікті құрықталды Бүгінде ұрлық өршіп тұр. Жақын таныстарының өзін алдап, үйін үптеп кететіндердің қарасы азаймай отыр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның үйіндегі жатын бөлмедегі шкафтың ішінде тұрған бағалы тонының үйіне келген қонақтардың бірі жасырын ұрлап кеткен. Аталған оқиғаны полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпарат алған бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Олар сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде тонды ұрлаған күдікті жәбірленушінің жақын танысы, жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, ер адамның құмар ойын ойнайтындығы белгілі болған. Оған ақша қажет болған соң, туысының тонын ұрлап, ломбардқа өткізген. Алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ұрланған тон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ғимараттар мен тұрғын үйлерге, дүкендерге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Бұл өз кезегінде ұрлықтың алдын алуға өз септігін тигізеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961