Әлеумет Полицейлер 7 тұрғынды алдап, сан соқтырған әйелді құрықтады Редактор 30.05.2022 13337 1 оқу мин Полицейлер 7 тұрғынды алдап, сан соқтырған әйелді құрықтады Бүгінде Үкімет тарапынан қолға алынған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды алаяқтар майшелпекке айналдырып алуға тырысуда. Олардың басым көпшілігі жасаған қылмыстарына орай, қолға түсіп жазасын өтеп те жатыр. Алайда оңай олжаға құныққандардың қатары азаяр емес. Дегенмен қарапайым азаматтардың құқығын қорғау басты орында тұрған кезеңде тәртіп сақшылары алаяқтардың адымын аштырмай, құрықтауда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне 7 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуларынша, таныс әйел кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп, уәде берген. Содан әр жәбірленушіден қомақты ақша алған соң, берген уәдесін орындамай созбалаңқылыққа салып жүрген. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 935 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол жәбірленушілермен алыс танысы арқылы танысқан. Күдіктінің мұндай қадамға қаржылай қажеттілік туындаған соң барғаны белгілі болды. Күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға алаяқтарға алданбауға кеңес беріп, түрлі ақпараттық ағарту жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Азаматтардың құқын қорғау басты назарда тұр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911