Жуырда М. деген азамат Түркістан облысы, Кентау қаласы, Әл-Фараби көшесінде Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзып, діни басқармада тіркелмей миссионерлiк сабақтар өткізген, қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асырған. Бұл туралы Кентау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. М. сотта кінәсін мойындайтыны, өзіне қатысты жасалған хаттамада көрсетілген мән-жайларды растайтыны, тіркелмегені, рұқсат алмағаны, білмегені, қайталамайтыны, жасаған іс-әрекетіне өкінетіні туралы түсінік берді. Нәтижесінде Кентау қалалық сотының қаулысымен М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың талабымен 214 410 (екі жүз он төрт мың төрт жүз он) теңге айыппұл салынды.