Әлеумет Алаяқтың алғаны 5 миллион теңге… Редактор 09.06.2022 11499 1 оқу мин Бүгінде біреудің құқығына қол сұғып, алаяқтық жасаушылар қатары азаймай отыр. Түрлі мемлекеттік бағдарламаларды өз ыңғайларына қарай иіп, оңай жерден олжа таппақты ниет еткендер құқық қорғаушылардың құрығына түсуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарығаш аудандық полиция бөліміне жергілікті екі бірдей әйел адам арызданды. Олардың айтуынша, сырттай танысы «Даму бағдарламасы бойынша қайтарымсыз ақша алып беремін» — деп, сенімдеріне кіріп, біреуінен 2 600 000 теңге, екіншісінен 2 200 000 теңге ақша алған. Алайда, жарты жылдан астам уақыт өтсе де, күдікті берген уәдесін орындамаған. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 4 800 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізуі барысында, күдікті әйелдің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында осындай қадамға барған. Күдікті жас әйел жәбірленушілерден алған қаражатты жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5952