Әлеумет Арыстықтар аламанда… Редактор 09.06.2022 14811 1 оқу мин Қоғамда әскери қызметтің беделін арттыруда ақпараттық қолдау және түсіндіру жұмыстарының жетістіктері көп. Сондай-ақ, жас өскіндерді патриоттық рухта, Отансүйгіштікке тәрбиелеуде әскери-патриоттық жиындардың да берері мол. Жуырда VIIІ «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 2022 жылғы 18-24 маусым аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтеді деп жоспарлануда. «Айбын» жиыны Балалар жылы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылуда. Биыл жиында Қазақстанның барлық өңірлерінен 40 команда қатысып, 600 қатысушы бақ сынайды деп күтілуде. Түркістан облысының намысын қорғауға 2020 жылы 2 — орын, 2021 жылы 1 орын алған «АРЫС» әскери—патриоттық клубы қатысқалы отыр. Жетекшілері: Молдабай Сүйіндіков және Ербол Аймұрзаев. Арыстық команда «Патриоттар мекені» — кубогінің иегерлері. Нағыз патриоттар өздерінің чемпион екендерін республикалық жарыста дәлелдейді. Бұған дейін мықты дайындықтан өткен команданың жеңісіне жерлестері үміттеніп отыр. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын айтулы жиында мақтаулы команданың мерейі үстеп болатынына сенім мол. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480