Әлеумет Полицейлер есірткі сақтаған егде жастағы ер адамды анықтады Редактор 14.06.2022 11459 1 оқу мин Есті алатын есірткі қылмысымен күрес ешуақытта да тоқтамақ емес. Ауыр қылмыс түрін жататынын білсе де кейбір азаматтар біле тұра заң бұзады. Есірткі қылмысымен күресу мақсатында полиция қызметкерлері күні түні дамыл таппай қызмет атқаруда. Түркістан облысына қарасты Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның есірткі затына ұқсас өсімдікті сақтап жүргенін анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде қағаз орамына оралған есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдікті тәркілеп алды. Аталған өсімдікті айғақты зат ретінде алып, сараптама тағайындады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен,сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол салмағы 5 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5231