Әлеумет Полицейлер қонақ үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады Редактор 14.06.2022 11546 1 оқу мин Өзгенің мүлкін өзінікіндей көріп қақшып кететіндер қақпанға түсетінін білсе де бұл райынан қайтпақ емес. Дегенмен құқық қорғаушылар суыққолдыларды заң бойынша жазасын тарттыруда. Жуырда Түркістан облыстық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, қонақ үйдің жанында тұрған өзіне тиесілі зат тасымалдауға арналған темір құралын, 2 метрлік 2 дана релс темірін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге жалпы 160 000 теңге материалдық шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген білгендерден жауап алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің мекенжайы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай жас жігіт пайдакүнемдік мақсатта күндізгі уақытта ұрлыққа түсіп, ұрлаған мүлкін темір қабылдайтын орынға сатып жіберген. Полицейлер темір терсек сатып алатын орыннан темірлерді тәркілеп, айғақты зат ретінде алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлер мен ғимараттарға, дүкендерге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Бұл суықолдылардан сақтанудың төте жолы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911