Әлеумет Полицейлер заңсыз жұмыс істеп жүрген 40-қа жуық шетелдікті елден аластатты Редактор 14.06.2022 5170 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон желілерінің алдын-алу және оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында қарқынды қызмет етіп келеді. Сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон саласындағы заңнаманы сақталуы қатаң қадағалауға алынған. Осындай кезекті тексеріс кезінде елде заңсыз жүргендер анықталды. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы Ішкі Істер Департаменті Көші-қон қызметі тобы мен Ордабасы ауданының тәртіп сақшылары, Қайнар ауылының Оңтүстік беткейінде орналасқан тауық фермасының аумағында тиісті құжаттары болмаған 38 Тәжікстан Республикасының азаматтарын анықтады. Тексеру барысында аталған ферманың егесі шетелдіктерді Арыс ауданы аумағында кеурек өсімдігін теру үшін алып келіп, осында жұмыс күтіп жатқандығы белгілі болды. Қазақстандық шаруашылық егесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 518-бабының 2-бөлігімен «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар 38 Тәжікстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқашара көріліп, әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды. Ордабасы аудандық сотының шешіміне сәйкес бұл шетелдіктердің барлығы Қазақстан Республикасы аумағынан шеттетілді. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тек орын алған құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескерту жасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 25.11.2024 3265 Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 33639 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 32023