Әлеумет Медицина қызметкерлері спорттық сайыста бақ сынасты Редактор 15.06.2022 12635 1 оқу мин «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төраға Сәкен Катбаевпен бірігіп Жетісай орталық ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Аликул Шералиевтің ұйымдастыруымен Түркістан облысы медицина мекемелері арасында спартакиада өтті. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге 300-ге жуық медицина қызметкері қатысты. Спартакиадада медицина қызметкерлері спорттың 4 түрінен сынға түсті. Атап айтсақ, кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тарту бойынша өзара мықтыларын анықтады. Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орынды «Атакент» Мақтарал аудандық ауруханасы жеңіп алды. Ал екінші орынға «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасынан құралған команда ие болса, үшінші орынға «Мырзакент» Мақтарал аудандық ауруханасы жайғасты. Сәкен Арыстанұлы қолдауымен орын алған жүлдегерлерге бағалы сыйлық табыс етілді. Айта кетейік, спартакиаданың мақсаты — жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, медицина мекемелері мен қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961