Әлеумет Мекемеге ұрлыққа түскен үшеу анықталды Редактор 16.06.2022 11882 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне ер адам арызданып, өзіне тиесілі ғимаратта тұрған 330 дана жылу батареяларын, құрылысқа қажетті заттарын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 500 000-ға жуық теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпаратты алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына жетті. Қылмысты ашу үшін сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде ұрлық жасаған үш ер адамның екеуі ұсталып, соңғысына іздеу жарияланды. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалған екеуі Нұр-Сұлтан қаласы мен Сарыағаш ауданының тұрғындары. Сондай-ақ күдікті өзбекстандық бұрын сотты болған. Қазіргі таңда ұсталған 2 күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай таныс үш ер адам түнгі уақытта ғимаратқа кіріп, құрылысқа қажетті заттарды ұрлап, сатып, ақшасын жаратып жіберген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480