Әлеумет Кәсіпкерлікті қолдауға қайтарымсыз берілетін 1 миллион теңге алып беремін деп алаяқтық жасаған әйел ұсталды Редактор 17.06.2022 10407 1 оқу мин Тегін еттің тек тышқанаулағышта ғана болатынын ескермейтіндердің қара көбейтіп тұрғаны өкінішті. Құқық қорғау органдары қаншама рет ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізсе де ескертпені ескеретіндер аз. Күн сайын алаяқтардың арбауына түсіп қалыпп жатқандар жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып біліп отырса да, аузы күйген үрлеп ішуді үйренейін деп жатқан жан жоқ сықылды. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция басқармасына Түркістан қаласы мен Сауран ауданының тұрғындары арызданған. Арыз айтушылардың базынасы да ауқымды. Олардың айтуынша, алыс танысы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қайтарымсыз берілетін 1 миллион теңге алып беремін деп, әрқайсысынан 300 000 теңгеден алған. Мемлекеттен берілетін ақшадан үміттілер оны заңды жолмен емес, арадағы алаяқ делдалдар арқылы оңай қол жеткіземіз деп ойлаған. Әрине заңсыз тірліктің адымы қысқа. Оңай олжаны осылайша ұзақ күтуге тура келген. Делдал арада 2 жылға жуық уақыт өтсе де, берген уәдесін орындамай, созбалаңдыққа салып жүрген. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 600 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар Кентау қаласының тұрғыны, жұмыссыз әйелді анықтады. Тексеру барысында күдікті мұндай қадамға ақша қажет болуына байланысты барғанын айтты. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бейтаныс адамдарға сеніп ақша арқалатып жіберу әрине ақымақтық. Әрі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қарастырылған қаржыларға алаяқтар арқылы аламын деп сенім арту да тура жол емес. Ол үшін алаяқтарды заң басынан сипамайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 17306 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25331 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30707