Әлеумет Қауіпсіздік жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді Редактор 17.06.2022 17056 1 оқу мин Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін де түсіндірме жұмыстарын жүргізу құқық қорғаушылардың басты міндеті болып табылады. Сол үшін де су жағалауларын кезіп, аңыз атыздарды кезіп тәртіп сақшылары түсіндірме жұмыстарын жасауда. Жаз маусымында адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін, сақтамауының соңы орны толмас қайғы мен өкінішке әкеліп жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін полиция қызметкерлері арнайы жұмыстар атқарады. Мәселен, Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жасөспірімдерге арнайы судағы қауіпсіздік шаралары жайлы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға ата-аналарының қарауынсыз, рұқсат берілмеген аумақтарға бармау, суға ұзақ шомылмау, қоршау белгілерінен алыстамау, суда жүзе алмайтындар үшін арнайы балондарсыз бармау айтылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері балалар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға сумен байланысты қайғылы жағдайларды болдырмау үшін, қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961