Әлеумет Мұнай өнімдерін шекара арқылы тасымалдау артып отыр Редактор 17.06.2022 16197 1 оқу мин Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасындағы жоғары сұранысқа ие бензин маркалары құн айырмасының нәтижесінде, қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғызстан шекарасында шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын тасымалдаушы автокөлік құралдары санының ұлғайғаны байқалуда. Оның барысында тасымалдау ережелерінің бұзылуы да тіркелуде, яғни, зауытпен қарастырылмаған қосымша бензин бактарын орнату не оларды кеңейтіп алатындар аз емес. Тасымалдаушылардың осы санатына қатысты мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігіне шектеудің болмауы өткізу пункттеріне жүктемені едәуір арттырады және шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудырады. Бұдан басқа, жанар-жағармай тасымалдау үшін жеке автокөлікті пайдаланатын азаматтар көбіне қауіпсіздік ережелерін ескермейді, өз кезегінде бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Ұлттық Қауіпсіздік комиетінің Шекара қызметі қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында аталған тәсілмен жанар-жағармай тасымалдау әрекетінен бас тартуды ұсынады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961