Әлеумет «Есірткісіз болашақ» бір айға жоспарланған акциясын өткізуде Редактор 17.06.2022 5262 1 оқу мин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің маңызды бөлігі ретінде қарастырылатын жастар мәселелеріне ерекше назар аударатыны белгілі. Жалпы жас ұрпақты есірткіні қолданудан қорғау және оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру-біздің міндетіміз. Бүгінгі таңда осы мақсатта Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде «Есірткісіз болашақ» бір айға жоспарланған акциясын өткізуде. Мәселен Түркістан облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары арасында Түркістан облысының құрылуының 4 жылдығына, 23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күніне және 26 маусым — Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған марафон өткізді. Облыс орталығы — Түркістан қаласында өткен марафонға Түркістан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мәди Қожамұратов және 200-ге жуық мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері қатысты. Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша Түркістан облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Нақтырақ айтсақ полиция капитаны Орынғай Нұрболат І-орынды қанжығасына байлады. Ал Қанатбек Сұлтанов пен Ғабит Елеусізұлы ІІ-орынды жеңіп алды. Іс-шара соңында барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ марафонды ұйымдастырушылар мен қатысушылар естелік суретке түсті. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мәди Қожамұратов атап өткендей, мұндай маңызы зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Сондай-ақ тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіге қарсы күреске өз үлесін қосуға шақырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 25.11.2024 2666 Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 33004 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 31356