Әлеумет Құқық қорғаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы Редактор 18.06.2022 12616 1 оқу мин Парақорлық, жемқорлық сынды қоғам дертіне құқық қорғаушылар да қарсы. Сондықтан тәртіп сақшылары арасында да аталған дертке бой алдырмау үшін арнайы алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемде жиын өтті. Жиналысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Жүнісов пен қоғамдық кеңес төрағасы Бахыт Омарбеков, полиция қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты – елімізді құқық қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген полицейлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу. Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл осы бойынша әрбір бөлім қызметкерлеріне түсіндіру, ескерту жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиналғандар қоғамда белең алған бұл індеттің алдын алып, жұмыла күресетіндігін жеткізді. Бұл шаралардың барлығы жемқорлық фактілерін азайтуға бағытталған. Жиын соңында осы дертті жою мақсатында атқарылуы керек жұмыстар баса айтылып, бөлім басшыларына ауқымды тапсырмалар берілді. Сыбайлас жемқорлық індетін жою — баршамыз үшін міндет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911