Әлеумет Ауыл тұрғыны «сора» өсіремін деп, сорлап қалды Редактор 18.06.2022 14335 1 оқу мин Есірткі тектес өсімдіктердің ешқайсысы да адам денсаулығына пайдасы жоқ. Алайда бір сәттік рахат үшін өмірін улап. Есірткіге елітетіндер жоқ емес. Түркістан облысының құқық қорғаушылары тұрғындарға заңсыз есірткі затын өсіру, баптау, тасымалмен айналысу қатаң жазаға тартылатындығын ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Алайда қылмыс екенін біле тұра қадамынан бас тартпайтындар да бар. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғындарының бірінен хабарлама келіп түскен. Әйел адам онда өз танысының есірткіге ұқсас өсімдік өсіретіндігі туралы айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды. Осы жайтқа байланысты аудандық полиция қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Олар күдікке ілінген азаматтың жеке басын анықтап, тұрғылықты мекенжайына шықты. Полицейлер оның үйін тінту кезінде ауласында өсіп тұрған есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Полицейлер оны айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптамаға жолдады. Сараптама қорытындысына сәйкес аталған өсімдіктер «сора» есірткі заты деп анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Есірткі өсірген азамат заң алдында тиісті жазасын алатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6036 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480