Әлеумет Көлігіне «крутой» нөмір тағамын деп құрыққа түсті Редактор 18.06.2022 12961 1 оқу мин Көлік құралдарына тағылатын мемлекеттік нөмірлердің сұранысқа ие түрлері қымбат тұратыны белгілі. Бұл мәселені мақтааралдық тұрған оңай шешпек болыпты. Көлігіне жалған нөмір тағып алып… Құқық қорғаушылар қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздікті сақтау сынды кезек күттірмес қиын да қауіпті қызметтерімен бірге, жол қозғалысы, жол апаттарының алдын алу мақсатында сан алуан жұмыстар жүргізеді. Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осындай кезекті рейд кезінде Атакент кентіндегі полиция пунктінің алдында тұрған «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің нөмірінің жалған болуы мүмкін екендігіне күдіктенді. Осы бойынша полиция қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып жүргізушінің көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алғанын анықтады. Аталған жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 3-бөлігі «Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу белгілерін орнату» бойынша хаттама толтырылды. Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді олқылықтарға жол бермеуге шақырады. Көілкті қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасау қажет. Одан бөлек жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді. Дегенмен оны құлаққа ілетіндер аз. Ал олардың тиісті жазасы бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5305