Әлеумет Алаяқ құрықталды… Редактор 18.06.2022 7949 1 оқу мин Бүгінде мұғалімдердің жалақысы жыл сайын жоғарылап келеді. Сондықтан да мектепке жұмысқа тұруды көздейтіндердің қатары көп. Өз білімі мен біліктілігінің арқасында емес, алаяқтар арқылы жүзеге асырғысы келетіндері өкінішті. Олардың талайы алаяқтарға жем болып та жатыр. Алайда аузы күйген үрлеп ішедіні ұмытып кетіп жатыр. Жуырда мектепке жұмысқа тұрғызып беремін деген алаяқ құқық қорғаушылардың құрығына ілікті. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, танысы «мұғалім етіп жұмысқа тұрғызып беремін» — деп, 500 000 теңге ақшасын алған. Бір қызығы «болашақ мұғалім» уәдені екі жыл бойы күткен. Болмаған соң құқық қорғаушыларға арызданудан басқа амалы қалмапты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай ол бұрын мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. Сезікті ер адам сол уақыт аралығында жұмысқа кіргіземін деп уәде берген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде… Алаяқтарға алданбай-ақ тура, заңды жолмен жұмыс табуға болады әрине. Алайда құрбанға айналатындардың қатары азаймай отыр. Осы тарапта құқық қорғаушылар қарқынды жұмыс атқаруда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 07.09.2025 8112 Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 1 оқу мин Әлеумет Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 05.09.2025 9740 Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 04.09.2025 9965