Әлеумет Запастағы әскери міндеттілер жиынға шақырылды Редактор 18.06.2022 10012 1 оқу мин 70-тен астам запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар астанадағы аумақтық қорғаныс құрамасына әскери міндеттілердің он күндік жиынына шақырылды. Сабақтар запастағы әскери қызметшілердің тағайындалған лауазымдарына сәйкес, әскери істегі білімі мен дағдыларын жетілдіру мен негізгі міндеттерді орындауға дайындау мақсатында жоспарлы тәртіппен жүргізілетін болады. Запастан шақырылған барлық азаматтар әскери қызметке жарамдылығын куәландыру үшін медициналық тексерістен өтті. Әскери міндеттілер жиын барысында жауынгерлік үйлестіру іс-шараларына қатысады. Объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ диверсиялық топтарға қарсы күрес жүргізу кезіндегі іс-қимылдар зерделеніп, іс жүзінде пысықталатын болады. Оқу-жаттығу жиындары астаналық аумақтық қорғаныс құрамасының базасында өтуде. Қатысушылар жатын орынмен, азық-түлікпен және киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген. Бұдан өзге, жиындар кезінде запастағы әскери міндеттілердің жұмыс орындары сақталып, оларға орташа айлық жалақы төленеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5305