Әлеумет Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде Редактор 18.06.2022 16839 1 оқу мин Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түрлі насихат, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесі де жаман емес. Ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында жүргізіліп жатқан «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясын аясында халықпен жиын өткізілді. Аталған шараға Отырар аудандық емхана жанынан құрылған «ЖАС ұя» орталығы, Отырар АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция лейтенанты Надирова З, Отырар ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының мамандары қатысты. Акцияның мақсаты — Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың кең ауқымының назарын аталған проблемаларға аудару, сондай-ақ, азаматтардың құқық қорғаушыларға деген сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мәселелері талқыланды. Ұсыныс-пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс шара кезінде үнпарақтар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911