Әлеумет Тәртіп сақшылары «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізуде Редактор 18.06.2022 9586 1 оқу мин Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің біріне етек алған маскүнемдік, жұмыссыздық, соған байланысты тұрмыс жағдайының ауырлығы сияқты әлеуметтік жайлар жатады. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар. Отбасын сақтап қалу, балаларының әкесіз өспеуін ойлаған кейбір әйелдер тиран күйеуінің барлық қорлығына шыдап бағады. Мұндай жағдайлардың кейбірі тіпті қайғылы аяқталып та жатады. Зорлық-зомбылыққа байланысты әйелдерге және балаларға әлімжеттік көрсеткендердің жазасын қатаңдату қажеттігі туралы ұсыныстар айтылуда. Олардың құқығын қорғауда тәртіп сақшылары да жүйелі жұмыс жүргізуде. Мысалы «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» іс-шарасы. Акцияның негізгі мақсаты –зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құқықтық кеңестер беріп, жұртшылықты қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Айнұр Жұбай бастаған полиция қызметкерлері қалалық емханаларға барып, ондағы емделуші тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оларға психологиялық және заңгерлік кеңестер берді. Осы мақсаттағы шара Арыс қаласында да жалғасын тапты. Бұл жолы Арыс қаласының полиция қызметкерлері орталық кітапханада дөңгелек үстел өткізді. Жиынға Арыс аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Әділбекқызы мен тәртіп сақшылары және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Жазира Қалдыкөзқызы қатысты. Іс-шара кезінде зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шешімдер айтылды. Халықтың ең үлкен мәселесіне айналған зорлық-зомбылықты болдырмау үшін шараға қатысқандар өздерінің ұсыныс пікірлерімен бөлісті. Шара соңында тәртіп сақшылары арнайы дайындаған плакаттар мен 400-ге жуық брошюралар таратты. Бұндай жиындар қоғам үшін қажетті. Сондықтан полицейлер мен психологтар тарапынан осындай жиындар алдағы уақытта та жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 25.11.2024 2482 Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 32850 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 31177