Әлеумет Несиесі мен қарызынан құтылу үшін қылмысқа барды Редактор 18.06.2022 12883 1 оқу мин Өзгенің сеніп тапсырған малын сатып жіберген бақташы мал иесі 16 миллион теңге шығын келтірді. Қойлардың барлығы да асылтұқымды болған. 200-ден асатын қойдың әрқайсысын 70 мың теңгеден сатып отырған. Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жәбірленуші мал иесі арызданды. Оның айтуынша, оның мал бағатын бақташыларының бірі сеніп тапсырылған асылтұқымды қойларын талан-таражға салған. Қожайын оын арада біршама уақыт өткенде барып бір ақ білген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 000 000 теңгеден асады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай күдікті жәбірленушінің бақташысы, Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті былтырғы жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата берген. Айтар уәжі де бар екен. Өзгенің мүлкін талан таражға салғандағы мақсаты өзінің несиелері мен қарыздарын өтеу болыпты. Осылайша қылмысқа барғанын мойындап отыр. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бейтаныс адамға мүлкін сеніп тапсыра салудың дұрыс еместігін кейбіреулер бағамдамайтын сықылды. Ақырында барынан айырылып сан соғып қалып жатады. Құқық қорғаушылар күдіктіні ұстап, жазасыз қалдырмайды. Дегенмен тұрғындар әрдайым қырағы болуы қажет-ақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961