Түркістан облысы Полиция департаментінде ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Академиясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Ішкі істер органдарын басқарудың тиімді жүйесін құру және полиция қызметінің негізгі міндеттерін жандандыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шарағаТүркістан облысы ПД-нің барлық қалалық және аудандық полиция басқарма, бөлімдерінің басшылары қатысты. Тәртіп сақшыларына арналған оқыту семинарын ҚР ІІМ М.Есболатов академиясының өкілдері өткізді. Дәріс өткізген білікті мамандар қатарында: ҚР ІІМ Академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Ержан Бимолданов, аға ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Лейла Құлтемірова және ІІО басшы құрамын даярлау факультетінің жоғары академиялық курстарының әдіскері, педагогика ғылымдарының кандидаты Талғат Туркеновтер бар. Аталмыш Алматы академиясы Қазақстан Республикасында полиция кадрларын кәсіби даярлау, олардың сапасын арттыру бойынша ҚР Ішкі істер Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында «Мобильді Академия» пилоттық жобасын әзірлеген, сондай-ақ оны таныстыру мақсатында Түркістан облысында алғашқы сабақ өткізді. Бұл жобаның мәні академияның мамандар тобы тікелей полиция департаменттеріне арнайы келіп, онда Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің, атап айтқанда орта басшы буынының кәсіби даярлығы мен біліктілігін арттыру шеңберінде тренинг-оқытуды жүзеге асырады. Үш күнге созылған, яғни 13-16 маусым аралығында Түркістан қаласында өткен семинар кезінде полиция жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыруға қатысты мәселелер, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметін жобалық басқару, Стратегиялық менеджмент, түрлі модельдер мен тәсілдерді енгізу сияқты бағыттарды іске асырумен байланысты өзекті де заманауи әдістемелер қаралды. Академия өкілдері оқыту барысында бейнероликтер көрсетіп, түрлі көрнекіліктермен сүйемелдеді. ҚР ІІМ Академиясы бастығының орынбасары Ержан Бимолданов өз сұхбатында: «Пилоттық жоба» тыңдаушыларға басқарушылық қызмет тұрғысынан қажетті дағдылар береді. Неліктен ІІО аумақтық бөлімшелерінің орта буын басшыларының осы санатына баса назар аударылады? Өйткені дәл осы менеджерлер халықпен тікелей байланыста болады. Бұл қызметкерлерге тұрғындармен алғашқы өзара әрекеттесу өкілеттіктері жүктелген. Болашақта «пилоттық жобаны» барлық аумақтық полиция департаменттерінде іске асыру жоспарлануда.»- деп атап өтті. Үш күндік семинардың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің қолынан тиісті сертификаттарға ие болды. Семинар соңында қатысушылар естелік суретке түсті.