2022 жылдың маусым айының 17-18 (жұма, сенбі) күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Түркістан облысының полицейлері әрбір полиция басқарма, бөлімдері жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде», «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді. Аталмыш ация дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Әрі тиімділігін көрсетіп келеді. Аталмыш акцияның басты мақсаты – халық көп шоғырланатын орындарда олардың ұсыныс-пікіріне назар аудару, азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, құқықтық кеңес беру болып табылады. Құқық қорғау саласына, полиция қызметіне қатысты түйіні тарқатылмаған мәселелер болса, басқа да мәселелеріңізге қатысты заң аясында көмек керек болса, өз аумағыңызға жақын тұрған полиция басқарма, бөлімдеріне баруыңызға болады. Онда баруға мүмкіндік болмаған жағдайда Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирлер жүргізіледі. Тікелей эфир барысында көкейде жүрген сауалдарға жауап алуға мүмкіндік бар. Аталмыш акция барысында берілген мүмкіндікті жіберіп алмаған жөн, полиция сіздер үшін ашық, кері байланысқа дайын.