Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың туындау себебін қоғамдық жағдайлардан, әлеуметтік себеп салдардан, тәрбиелік жұмыстардың әлсіздігінен көруге болатын шығар. Дегенмен бұл бағытта көп жұмыстар атқарылады. Тәрбие беріледі, қылмыстың алдын алу шаралары, түсіндірме жұмыстары, ақпараттық насихат жұмыстары жүргізіледі. Оның бәрі қылмыстың аз болуына ықпал жасайтыны рас. Басты мәселе барша қоғам мүшелері өзара бірігіп, жасөспірімдердің осал олқы тұстарын жетілдіруге көңіл аударса, мұндай қылмыстар азая түсетіні анық. Яғни, негізгі назар кә¬мелетке толмағандар арасындағы бол¬уы мүмкін қылмыстың алдын алуға әрі оны болдырмауға бағыт¬тал¬са, мұндай іс-шаралар өз нәтижесін берері белгілі. Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстардың профилактикасы Түркістан облысы Полиция департаментінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы тұрғыда Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі Мадияр Алтынбеков және білім бөлімі, мектеп директорлары, оқушылар мен ата-аналардың қатысуында кең көлемде жиын өткізілді. Шараның мақсаты – қазіргі таңда өзекті мәселенің біріне айналған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және болдырмау. Жиынға қатысқандар әрбір оқушының сабаққа қатысуы, тәртібі теріс әрекеттерден аулақ болуы сөз етіліп, талқыланды. Сонымен қатар жиналғандар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар – бүгінгі жастар. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың атқарар әрекетінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Сондықтан қазіргі жағдайда жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күрес жүргізу мәселесі жалпы мемлекеттік деңгейдегі міндеттердің бірі болып табылады. Оған мектеп, ата-ана, қоғам болып атсалысуымыз керек. Сонда ға нәтиже болмақ.