Қазіргі таңда зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін барлық шаралар қарастырылуда. Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінезін қалыптастыратын тәлімдік мұра болып табылады. Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету болып табылады. Отбасында жастайынан үлкендер тарапынан зорлық, қорлау көрген бала ертеңгі күні дәл осыны қайталамасына ешкім де кепілдік бере алмайды. Соңғы әлетте отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Бүгінде елімізде зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдер мен балалар саны әлі де болсын азаймай тұр. Бұндай жағдайға тап болатын адамдар көбіне өздерінің құқығы мен мүдделерімен айналысатын дағдарыс орталықтары барынан бейхабар. Осы тұста Түркістан облысының полиция қызметкерлері әйелдерді қорғайтын заңнамалармен таныстырып, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін ауқымды шара ұйымдастыруда. Мәселен, Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Гүлбану Есенқұлова, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының мамандары және дәрігерлермен орталық саябаққа келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық және заңгерлік кеңес беріп, жадынамалар тарқатты. Олар балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін зорлықтың алдын алуға қатысты кеңестер берді. Сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының бар екені туралы атап өтті. Бұндай шаралардың жастар үшін де маңызы зор. Себебі, болашақта өздерінің құқығын қорғай алатын тұлға болып қалыптасады. Шараға қатысқан тұрғындар полиция қызметкерлеріне өздерінің алғыстарын білдірді. Өздері білмейтін жаңа ақпаратпен таныстырғанына және психологиялық кеңеспен бөліскен мамандарға ризашылықтарын жеткізді.