Әлеумет Ашық аспан астында акция өткізілді Редактор 19.06.2022 12753 1 оқу мин Бүгінде елімізде отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Дегенмен жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында көпбалалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесетін орталықтар мен кеңселер қызметіне қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып отыр. Қоғамды іштен ірітетін дерттің алдын алу үшін түрлі бағдарламалар, акциялар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты –әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Аталған акция барысында әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының психолог маманы Алия Базарбайқызы, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Аселхан Божикенова қала аумағындағы «Жеңіс» саябағында ашық аспан астында мұғалімдер мен жасөспірімдердің қатысуымен флешмоб өткізді. Әрине ұйықтататын баяндамалар мен есінететін жиындардан көрі жасөспірімдер үшін табиғат аясында өткізілген заманауи яғни, флеш-моб түрінде өтетін іс-шараның берері мол болмақ. Жасөскіндер өздерін өздері қорғай алатын тұлға болып қалыптасу үшін не істеу қажет дегендей сұрақтарға жауап ала алды. Іс-шара барысында халықты ақпараттандыру үшін қоғамдық орындарда 400-ге жуық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, зорлыққа тап болған әйелдерге өздерінің құқықтары қорғалатындығы туралы кеңес берілді. Полиция қызметкерлері бұндай шаралар әйелдердің құқығын қорғайтын ең маңызды кездесу екендігін айта кетті. Алдағы уақытта да аталмыш шаралар жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961