Әлеумет Түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда Редактор 19.06.2022 11918 1 оқу мин Бұрын күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне жұрттан ұялып, ол жайтты жасырып қалатын. Қазір жағдай өзгерді. Нәзік жандылар өздерін қорғайтын заңның, түрлі орталықтардың бар екенін түсінді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінде қоғамда жиі талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Соңғы кездері бұл қылмыс түрімен күресуге мемлекеттік емес ұйымдар да тартылуда. Аталмыш қылмыс түрін азайтуға тәртіп сақшылары атсалысуда. Ал осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Айжан Манапова ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге кеңес берілді. Сонымен қатар құқық қорғау саласы зорлыққа ұшыраған әйелдер мен балаларды қорғайтынын, олар үшін арнайы ұйымдар бар екендігін де ескертті. Тәртіп сақшылары кездесуге келген әйелдерге «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясына қатысты брошюралар таратты. Аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911