Әлеумет Жол ережесін қатаң сақтау туралы өмірлік сабақ алды Редактор 20.06.2022 12900 1 оқу мин Бүгінде жастардың басы қосылса көлікпен серуен құрып, жол ережесін өрескел бұзатындары жасырын емес. Әсіресе қарсы жолаққа шығып кетіп, көліктің төбесіне шығып, қиқулап көлік жарыс ұйымдастыратын тағы бар. Ол үшін жауапкершілік қарастырылғанын қаперлеріне де алмайды. Тіпті оны ғаламторға жүктеп, өздерін өздері ұстап беріп жатады. Жуырда осындай өрескел заңбұзушылықты ғаламторға жүктеген жастар қолға түсті. Осы бейнежазба бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілерді тауып, олардың жеке басы мен тұрғылықты мекенжайын анықтады. Олар Петропавл және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Жол ережесін бұзған Петропавл қаласының 20 жасар тұрғынына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігі «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», ал Шымкент қаласының тұрғынына Қазақстан Ресупубликасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы 1-бөлігі «Маневр қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Енді олар жол ережесін қатаң сақтау қажеттігі туралы өмірлік сабақ алды. Әрбір жүргізуші рөлге отырған кезде өз өмірі мен жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің өмірі үшін де жауапты болатындығын есте сақтайтын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911