Әлеумет Қызметтік ит шекарадан «гашиш» алып өтпек болған сезіктіні ұстады Редактор 20.06.2022 13296 1 оқу мин Есірткіге есі кеткендер оны сатудың, тасымалдаудың неше түрлі әдіс айласын меңгерген. Тіпті шекара бекетінде қатаң тексеріс болатынын біле тұра айласын асырғысы келетіндер де жоқ емес. Қырағы құқық қорғаушылардың арқасында құрыққа ілігіп те жатыр. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы ауылында орналасқан шекара бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына өту кезінде қызметтік ит белгі бергені хабарланған. Күдікті өзінің «өнертапқыштығының» арқасында айласын асырамын деп ойласа керек. Алайда тәжрибелі тәртіп сақшыларының қақпанына ілікті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды тінту кезінде, оның сол жақ аяғына киген шұлығының ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркілеп алды. Алынған затқа сараптама тағайындалды. Нәтижесінде айғақты зат «гашиш» болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің есірткіні қандай мақсатта алып жүргені анықталуда. Аталған бапқа сай күдікті тиісті жазасын алатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6036 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6522