Әлеумет Мектеп бітірушілер арасында полиция қызметкері болғысы келетіндерге үгіт-насихат жүргізді Редактор 20.06.2022 7300 1 оқу мин Қазіргі таңда өмірге көзқарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Жастардың қылмысқа жиі бойы алдыруы ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлмеуіне де байланысты. Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын түрлі себеп салдарлары көп. Сондықтан да кәмелет жасына жетпегендердің қылмысқа баруының алдын алу үшін тәртіп сақшылары түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері білім бөлімімен бірлесіп, полиция бөлімінің ғимаратында «Ашық есік» күнін өткізді. Жиынға 30-ға жуық оқушы қатысты. Шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау және алдын алу. Яғни мектепте әлімжеттік көрсетіп, ақша жинайтын, қақтығыс жасайтын оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жасау. Жиын барысында полиция подполковнигі Жан Мамыров тәртіп сақшыларының қызметінде арнайы құралдарды таныстырып өтті. Жасөспірімдер арасындағы орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрбір құқық бұзған адам заң алдында жауап беретінін алға тартып, ондай қадамға бармауға кеңес берді. Сонымен қатар мектеп бітірушілер арасында полиция қызметкері болғысы келетіндерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жүргізді. Оқушыларға полиция қызметінің қыр-сырын ашып түсіндіріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл мамандықтың қиындығы мен жауапкершілігін алға тартып, «Кез-келген адам полиция қызметкері бола алмайды. Тәртіп сақшысы болу үшін төзімділік пен сабырлылық, жылдамдық, асқан жауапкершілік қажет» — деп атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 12598 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 14266 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 16946