Әлеумет 70 жайт пәтер тонап, қамауда отырған ер адамның тағы бір ұрлыққа қатысы бары анықталды Редактор 15.07.2022 14344 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне түнгі уақытта ұры түсіп, жатын бөлмесінде тұрған бағалы алтын бұйымдарын жымқырып кеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 200 мың теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, пәтер ұрлығымен айналысқан белгісіз адамды іздеуге кірісті. Тәртіп сақшыларының тыңғылықты атқарған жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Яғни күдікті осы уақытқа дейін істі болып, 70 жайт пәтер ұрлығына қатысы бар шымкенттік ер адам болып шықты. Сондай-ақ сезікті қазіргі таңда ірі көлемде бірнеше сериялы ұрлық қылмысын жасағаны үшін Қазығұрт АПБ-да қамауда отыр. Ол жауап алу барысында, жоғарыдағы жәбірленушінің үйіне ұрлыққа түскенін толығымен мойындаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті ер азаматтың бұдан бөлек басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға, өз үйлері мен мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5983